RU

Алматыдағы Есентай өзеніне тұрғындар ескі жиhаздарын лақтырып тастаған (фото)

Алматы көшелерін бойлай ағып жатқан Есентай өзенінің қазіргі жағдайы сын көтермей тұр. Қоқысқа толып кеткен арнаны қала тұрғындары байқап, алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Судың ластығы былай тұрсын, өзенге салынған қамалдар бұзылып, айналасы сынып жатыр.

Алматылықтар судың қақ ортасына лақтырылған ескі жиһазды да байқаған.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттің жергілікті полиция басшысы өзін қорқытатын лауазымды адамдар туралы жайып салды

"Есентай өзенінің тазалығына жауапты жандардың бұл мәселеге назар аударып, оны шешеді деген сенімдеміз", - дейді тұрғындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530592-almaty-qalasyndaghy-esentay-ozenine-t.html