RU

Астанада қытайлық картопты отандық өнім деп алдап сатқан кімдер?

Астанадағы Magnum супермаркеті өз сөресіндегі қытайлық картопты қазақстандық өнім деп сатқанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде "қазақстандық" картопты  қытай иероглифі бар жәшіктерден сөреге шығарып жатқан фото пайда бола салысымен, супермаркетте мәселені тексеру басталып кетті.

Оның нәтижесінде анықталғандай, тауарды жеткізу барысында қазақстандық картоптарға қытайлық картоп салынған қораптар кездейсоқ түсіп кеткен.  

«Тексеру қорытындысынан бұл жайттың Астанадағы бір ғана дүкенде орын алғаны анықталды. Аталған жағдай жеткізушінің кінәсінен болып отыр. Олар біз тапсырыс берген отандық тауарлармен қатар Қытайдан әкелінген импорттық картоптарды да жеткізген», - деп мәлімдеді Magnum өкілі.

Қазіргі кезде қытайлық өнімді саудадан алып тастап, орнына қазақстандық картопты қойыпты. Сондай-ақ, жеткізушіге қателігі үшін айыппұл салынды.

Айта кетейік, Instagram-дағы zhest_kz парақшасында жария болған фото авторы Астанадағы ірі дүкенде қазақстандық картопты қытайлық қораптардан шығарып жатқан жайттың куәсі болған.

«Астана. Картопты қытайлық қораптардан шығарып жатыр. Ал оны қазақстандық жас картоп деп сатып жатыр", - дейді фото авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530717-astanada-qytaylyq-kartopty-otandyq-o.html