RU
Қайрат Келімбетов зейнетақы қорында 23 млн теңгесі сақталып тұрғанын айтты
Жаңалықтар Финансы

Қайрат Келімбетов зейнетақы қорында 23 млн теңгесі сақталып тұрғанын айтты

Рассказать Вконтакте

БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов өзінің зейнетақыға қанша ақша жинап үлгергенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Келімбетов зейнетақы қорында 23 млн теңгесі сақталып тұрғанын айтты

Қайрат Келімбетов. Кадр youtube

Бұл туралы ол "Қаржылық еркіндік" қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова мен саясаттанушы Досым Сәтпаевқа берген сұхбатында мәлімдеді. Аталған видео Youtube желісінде жария болды.

«Қателеспесем, менің 23 миллионға жуық жинағым бар.  Біз, шартты түрде,  алғанда жұмыс істейміз, әлі жаспыз. Ал есейе келе, сіздің өмірге деген, ақшаны жұмсауға деген пәлсапаңыз мүлде өзгереді. Жинағыңыздың болғаны жақсы. Оны қиын-қыстау күндерге жұмсау міндетті емес, бірақ ақшаңызды жинақтаған дұрыс. Бұл жай ғана әртүрлі буын арасындағы диалог», – дейді Келімбетов.

Ол Бота Жұманованың БЗЖҚ-дан ақшаның белгілі бөлігін мезгілінен бұрын алу мүмкіндігі туралы сауалына жауап берді.

«Мемлекет  – бұл институт. Бізде мынадай бір той болған: үлескерлер ақшасын салып, пәтер алған. Содан кейін мемлекет оларға былай дейді: "Той бітті, кімнің кімге қанша қарызы барын көрейік, қалай бәрін қалпына келтіреміз, және бастысы, қоғамдық тұрақтылықты қалай сақтаймыз", - дейді Келімбетов.

Ол қоғамдық тұрақтылықты сақтау мемлекеттің мойнында екенін атап өтті.

«Мен әр адам өз өмірі үшін жауапты деп ойлаймын. Мен де өз өміріме жауап беремін. Сондықтан да біз мемлекеттің: "сен ештеңеге уайымдама, барлығы жақсы болады ", дейтін жүйесінен шығып кеттік. Кеңес үкіметінде де бұл жүйе ұзақ тұрақтамады, бюджет бітіп қалды», – дейді ол.

«1998 жылы біздің мұндай да мүмкіндігіміз болған жоқ. Жалпы, әлемдегі барлық мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан дүниежүзі елдері зейнетақы жинағының дефициті туралы айтып жүр. Сол үшін адамдар өз кәрілігіне жартылай дайындық жасап жүр. Жақсы өмір сүру - ақшаңды қалай жинайсың немесе тойыңды қалай өткізесіңғ міне, соған байланысты», – дейді Қайрат Келімбетов.

Еске сала кетсек, БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов "Қаржылық еркіндік" қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова мен Досым Сәтпаевқа берген сұхбатында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайда жұмсайтындарын өз бетімен шешуге дайын еместігін айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
10
16
3
8
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel