RU

Ислам Кәрімовтің алғашқы некеден туған ұлы мен қыздары не істеп жүр?

флаги Узбекистана и Казахстана
Фото: UGC

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімов пен оның балалары жайлы БАҚ беттерінде түрлі ақпараттар жиі шығып жүр. Дегенмен, Кәрімовтің өлімінен кейін балаларының немен айналысып жүргені әлі күнге көпшілікке мәлім емес деп хабарлайды fergananews-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ислам Кәрімов екі рет отбасын құрған. Бірінші жары Израиль елшілігінің қызметкері Наталья Кучми, олардың  Петр есімді ұлдары бар.

Ол бірінші жарымен 1969 жылы ажырасқаннан кейін, Татьяна Акбаровнамен екінші рет шаңырақ көтереді. Алайда, олардың некелері туралы ресми ақпарат еш жерде жоқ.

Татьянадан Гүлнара (44 жаста) және Лола (38 жаста) есімді қыздары бар. Дереккөздердің айтуынша, Кәрімовті диктатор еткен екінші әйелі. Әйелі Кәрімовті ауыр дерті кезінде де билікте ұстауға тырысқан.

Оның бәрін жоспарлап үйренгені соншалық,  Гүлнара мен Лоланы маусым айының басында, бір мезгілде дүниеге әкелген.

Кәрімовтің бірінші әйелінің ұлы Петр әпкелерімен араласпайды, Лола мен Гүлнараның  бір-бірімен араласпай жүргеніне 10 жылдан асқан. Бұған себеп - басы даудан арылмайтын Гүлнараның әрекеттері көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Америкалық режиссерге өтірік айтқан Путиннің әрекеті әшкере болды

Гүлнараның бүгінде немен айналысып жүргені белгісіз. Бір кездері "Гугуша" лақап атымен ән салған ол әкесінің қазасына ән арнады. 

Әнде оның даусы ғана естіліп, түрі көрсетілмейді. Тыңдармандары бұл әнді ол бұрынырақта жазған деседі. Гүлнара әкесінің жерлеуіне де қатыспаған. Кей дереккөздер Гүлнараның бүгінде тірілер қатарында жоқ екенін айтады. Егер елден шығып үлгерген болса, батыс елдерінің бірінде өмір сүріп жатыр деген де болжам бар.

Тағы оқыңыздар: Өскеменнен ЭКСПО-ға 15 күнде жүгіріп жеткен спортшыға аяқ киім шақ келмепті (фото)

БАҚ ақпаратынша, Лола Кәрімова-Тилляева көп уақытын шетелде өткізеді. Оның күйеуі – Тимур Тилляев өте табысты бизнесмен. Жәй ғана табысты емес, Өзбекстандағы өте "мәртебелі" кәсіпкер.

Швейцарияда тұратын Тилляевтардың 40 млн доллар тұратын жылжымайтын мүлігі бар. Әкесінің жерлеуіне балалары тарапынан Лола ғана келді.

Петр Кәрімов бүгінде Ресейге түбегейлі көшкен. Туған жерімен байланысты үзген ол туған тілін білмейді (дереккөздердің айтуынша, Гүлнара мен Лола да өзбек тілінде нашар сөйлейді). Петр әкесінің жерлеуіне қатысқан жоқ.

Тағы оқыңыздар: Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды

Ата-анасы бес жасында балалар үйіне өткізген Ислам Кәрімов үшін туыстық байланыстың рөлі қаншалықты маңызды болғаны белгісіз. Себебі, Исламның өзі бауырларымен мүлдем араласпаған. Кәрімовтің жиені Джамшед билікке қарсылығы үшін жабық  емханаға жатқызылғанда, қолында билігі жүріп тұрған президент ештеңе істемеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530859-ozbekstannynh-burynghy-prezidenti-kar.html