RU

Өскеменнен ЭКСПО-ға 15 күнде жүгіріп жеткен спортшыға аяқ киім шақ келмепті (фото)

Өскеменнен Астанадағы «Экспо-2017» көрмесіне жүгіріп жеткен Ғалымжан Тоқтар 15 күннің ішінде төрт рет аяқ киім ауыстырыпты деп жазады Altaynews.kz.

 

Спортшы сапардың бар ауыртпалығын көрменің қызығы ұмыттырып жібергенін айтады.

"Өскеменнен шықанда қосымша бір жұп аяқ киім ғана алған болатынмын. Семейге жетпей жатып-ақ екі жұп аяқ киіммен алысқа бармайтынымды ұқтым. Ауылдастарым артымнан аяқ киім жеткізіп берді", - дейді Ғалымжан.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО терезелерінің шытынағанын атышулы Куянов мойындап отыр

Әлемдегі ең үлкен шөлдерді жаяу жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам Марат Жыланбаевты үлгі тұтатын жерлесіміз болашақта да спорттан қол үзбейтінін айтады.

Дәл қазір Ғалымжанның көңіл-күйі де, денсаулығы да жақсы. Көрменің өзге қонақтарына қосылып, жұбайы Еркегүл Мұқиятпен бірге ЭКСПО қызықтарын тамашалап жүр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530870-oskemennen-ekspo-gha-15-kunde-zhugirip-zhet.html