RU

Қырғыздар Шымкенттің қақ ортасынан өз базарын ашып алды (фото)

Жақын күндері Шымкентте "Бекжан" сауда орталығының аумағынан "Дордой-Шымкент" сауда кешенінінің ашылуына орай жиналыс өтті. Ұйымдастырушылар бұл базар Шымкент пен Бішкек арасындағы сауда айналымының жақсаруына септігін тигізеді деп үміттеніп отыр деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

2008 жылы бішкектік «Дордой» әлемнің ең ірі сауда орындарының қатарына кірген, сондықтан да Шымкентте базар ашқысы келетін қырғыздардың үлкен жоспары бар.

Шымкент пен Бішкектің арасында сауда-саттық қатынасының берік болғаны сонша, "Дордойда" арнайы шымкенттік тұрақ бар екен. Қырғызстандағы танымал базардың негізін салушылар осыны басты назарда ұстай отырып Шымкентте де өз нүктесін ашуды жөн санапты.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Келімбетов зейнетақы қорында 23 млн теңгесі сақталып тұрғанын айтты

Ең ірі«Бекжан» сауда орталыңының құрылысына барлығы 30 миллион доллар кеткен. Алайда, қырғыздар оны сатып алуды емес, жалға алуды жөн санайды. Сөйте тұра бұл жоспарларына 3 миллион доллар құюды көздеп отыр.

«Екі-үш ай бұрын жаңадан салынған "Бекжан" сауда кешенінің сатылғалы жатқанын естідік. Ұзаққа созылған келісімнен кейін біз бұл жерді он жылға жалға алатын болып шештік. Ал, басшылықты Түркістанда базары бар қазақ серіктестерімізбен теңде тең қылып бөліп алуды жоспарлап отырмыз»,- деп мәлімдеді атақты "Дордой" базарының негізін салушы Асқар Салымбеков.

Тағы оқыңыздар: Өскеменнен ЭКСПО-ға 15 күнде жүгіріп жеткен спортшыға аяқ киім шақ келмепті (фото)

Қазірде 8 мың бутик өз жұмыстарын бастауға дайын. Сатушылардың айтуынша, мұндай деңгейдегі сауда кешені бұған дейін Қазақстанда болмаған. Базар әкімшілігі саудагерлер мен сатып алушыларға барлық жағдайды жасап қойыпты. Павильонда су, жарық, кондиционер де бар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530881-qyrghyzdar-shymkenttinh-qaq-ortasynan-o.html