RU

Семейде Lexus мінген жігіт жедел жәрдем жүргізушісін сабап тастады

Семейдегі көпқабатты үйлердің ауласындағы көлік тұрақтарында орын жетіспеушілігі жүргізушілер арасында кикілжің тудыруда. Жақында ғана соның салдарынан Дулатов көшесіндегі көпқабатты үйге келген жедел жәрдем жүргізушісі таяқ астында қалған деп хабарлайды liter.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жедел жәрдем бригадасы Дулатов көшесі, 143 көпқабатты үйге маусымның 14-інен 15-іне қараған түні келген. Бірақ, ауладағы көлік тұрағында мүлдем бос орын  болмапты. Сол себепті жүргізуші ауладағы жүргіншілер жолына тоқтауға мәжбүр болған.

Медбикелер ауырып қалған адамға көмектесіп шыққанша, үй ауласында төбелес орын алады. Аулаға кірген Lexus көлігінің жүргізушісі әріптесінен жолды босатып, көлігін аула территориясынан алуды талап еткен.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстанның бұрынғы президенті Кәрімовтің отбасы бүгінде не істеп жүр?

Бірақ, бригада шақыртуда жүргенде орнынан кетуге құқы жоқ жүргізушінің мән-жайды түсіндіруі еш әсер етпейді. Осылайша ашулы Lexus жүргізушісі жұдырық ала жүгірген.

«Бүгінгі таңда аталған іс бойынша қылмыстық із қозғалды. Барлық керек медициналық экспертизалар тағайындалд», - деді Семейдегі мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы Елубек Оспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530926-semeyde-zhedel-zhardem-zhurgizushisin-ko.html