RU

Диплом қорғауға бір күн қалғанда жоғалып кеткен алматылық студент Шымкентте жүр

Алматы қалалық ішкі істер департаменті өкілдерінің бейресми ақпараты бойынша диплом қорғауға бір күн қалғанда жоғалып кеткен алматылық студент Арман Нұржанұлы Шымкентте жүр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ол қаладағы бірнеше бейне бақылауға түсіп қалған. Тіптен супермаркеттен киім сатып алғаны да жазылып қалыпты. Бірақ студенттің өзі табылған жоқ.

Іс-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті анасы әлі іздеп жүр. Анасының айтуынша, оның қалтасында қомақты қаржы мен қымбат телефон болған. Полицейлер, айфон арқылы Арманның оқу орнына емес, Сайран автовокзалына барғанында GPS арқылы анықтаған еді.

Грантта оқып, емтихандарын жақсы бағаға тапсырған студентті іздеуге 40-тан астам полицей мен еріктілер жұмылдырылған.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Келімбетов зейнетақы қорында 23 млн теңгесі сақталып тұрғанын айтты

«Көңілім толмайды бұл аса ұзаққа созылғаны. Тергеуге сенем ғой. Бірақ, тергеу бұданда жылдам болса заявление жаздық қой. Олар өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ ол жұмыстан еш нәтиже жоқ»,- дейді Арманның анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530952-diplom-qorghaugha-bir-kun-qalghanda-zhogha.html