RU

Дипломсыз-ақ миллиардер атанған 10 азамат

Жоғары білім жетістікке жетудің басты кілті деп ойласаңыз, қателесесіз. NUR.KZ порталы белді жоғары оқу орнының дипломынсыз-ақ миллиардер атанған он азаматты AdMe.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Ричард Брэнсон

Білімі: Орта мектепті бітірмеген

Virgin компаниясының негізін қалаушы 16 жасында мектепті тастап, Лондонға кеткен. Бастапқыда бизнесін журнал ашудан бастаған азамат бүгінде бүтін бір әуе компаниясын иелік етеді.

Ингвар Кампрад

Тағы оқыңыздар: Белгілі депутат әйел әуежайға Назарбаевтың атын бергені үшін қатты қуанды

Білімі: орта мектеп

Танымал IKEA компаниясының қожайыны Ингвар Кампрад компанияны 17 жасында құрған. Оқу оған қиынға соққандықтан, Ингвар жоғары білім алмаған.

Генри Форд

Білімі: орта мектеп

Генри Форд 16 жасында үйінен қашып, Детройтқа кетеді. Сол жерде механиктің көмекшісі болып орналасқан жігіт бүгінде ең қалталы азаматтардың бірі атанып отыр.

Майкл Делл

Білімі: университеттің бірінші курсы

DELL компаниясының негізін қалаушы алғашқы ақшасын 12 жасында жергілікті газет жазылушыларын жинау арқылы тапқан. Оқу кезінде Делл өзінің алғашқы PC’s Limited компьютерлік компаниясын құрып, 19 жасында оқуын тастап кетеді.

Ли Кашин

Білімі: орта мектепті бітірмеген

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Ли Кашин 12 жасында мектепті тастап, зауытта жұмысқа тұруға мәжбүр болады.

22 жасында ол Cheung Kong компаниясын құрып, үлкен табысқа кенелген.

Билл Гейтс

Білімі: университеттің екінші курсы

Билл Гейтс Гарвард университетінің дипломын тек 2007 жылы сыйға алған. Ал шын мәнінде Гейтс Гарвардта екі жыл ғана білім алыпты. Кейін оқудан шығып қалған.

Ларри Эллисон

Тағы оқыңыздар: Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Білімі: университеттің екінші курсы

Oracle компаниясының негізін қалаушылардың бірі екі рет жоғары білім алмақ болып, сәтсіздіктерге ұшырайды.

Джон Рокфеллер

Білімі: үш айлық бухгалтерлік курс

Джон Рокфеллер алғаш рет жеті жасында табыс тауып көрген. Мектептен кейін колледжге оқуға түскен Джон оны бітірместен, тастап кетеді.

Амансио Ортега

Білімі: орта мектепті бітірмеген

Zara брендінің негізін қалаған Амансио Ортега 13 жасында мектепті тастап, киім дүкеніне жұмысқа тұрады. Ортега өзінің алғашқы дүкенін 1975 жылы ашты.

Марк Цукерберг

Білімі: университеттің екінші курсы

Әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг Гарвардта психолог мамандығын оқып бастап, кейін тастап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531062-alemge-aygili-oligarkhtardynh-basty-ke.html