RU

ЭКСПО-да жартылай жалаңаш еркекпен суретке түскен Мәдина елді шулатты (видео)

Бүгінде отандық жұлдыздар елде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін жаппай тамашалауға кіріскен. Олардың қатарында елдің сүйікті әншісі Мәдина Сәдуақасова да бар. Алайда оның көрмеге келген жартылай жалаңаш ер адаммен суретке түскені желідегілерге жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова ұлттық киімімен келген ЭКСПО қонағымен арнайы видеоға түскен.

"Қазақстан, ЭКСПО - супер!", - деді әнші.

Алайда бұл видеоны көрген желі қолданушылары оны сынап, жартылай жалаңаш еркекпен суретке түскенін жақтырмай қалды.

Тағы оқыңыздар: Жазира Байырбекова өзге ұлтпен құда болғысы келетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531115-ekspo-da-zhartylay-zhalanhash-erkekpen-su.html