RU

Ақмола облысында орамал таққан қыздар көптің көзінше жаға жыртысты (видео)

Әлеуметтік желіде орамал таққан қыздардың көшенің қақ ортасында төбелесіп жүрген видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеоны Тулеген Жумабаев есімімен Facebook желісінде тіркелген қолданушы жария еткен.

"Ал ағайындар, мынаған не дейсіңдер, Рамазан айында", - деп жазған видеомен бөліскен азамат.

Тағы оқыңыздар: Семейде Lexus мінген жігіт жедел жәрдем жүргізушісін сабап тастады

Видеода орамал таққан қыздардың жаға жыртысып жатқаны байқалады. Жігіттер оларға араша түсуге тырысуда. Дегенмен ашуға булыққан арулардың тоқтайтын түрі жоқ.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531141-astanada-oramal-taqqan-qyzdar-koptinh.html