RU

"Лайк" жинау үшін сәбиін терезеге іліп қойған әке сотталып кетті (фото)

Алжирде лүпіл үшін нәрестесін 15 қабатты үйдің терезесіне іліп қойған ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам танымал болу үшін бір жасар нәрестенің өмірін қауіпке тіккен. Ол баланы 15 қабаттағы пәтерінің терезесінен салбыратып, бұл жайтты фотоға түсіреді.

Тағы оқыңыздар: Атырау халқы аяусыз өлтірілген 8 жасар қызбен қоштасты (видео)

"Мың лүпіл жиналмаса, жұмған жұдырығымды аша саламын" деген жазбамен фотоны желіге жүктеген азамат көпшіліктің ашуын келтірген.

Сот қатыгез әкені екі жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам сотта баласына ешуақытта зиянын тигізбейтінін, өз ісіне өкінетінін айтқанымен, сот оны жазаға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531266-lupil-ushin-narestesin-biik-uydinh-tere.html