RU

Қызылорда облысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында этноауыл ашылды

«Қорқыт ата» мемориалды кешені мен «Байқоңыр» ғарыш кешені халықаралық көрменің туристік бағытына енген.

Этноауыл Қорқыт ата кешенінде орналасқан.

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және бірақатар мәртебелі меймандар қатысып, Қорқыт Ата мемориалдық кешенін және суретшілер көрмесін тамашалады.

Этноауылға келушілер жағалай орналасқан киіз үйлердегі қолөнер бұйымдарын көріп, түрлі ұлттық ойындар мен жыршы-термешілердің өнерлерін тамашалай алады.

Бүгінгі қуаныш – тәуелсіздіктің, Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Бүгінгі мереке – Қорқыт бабадай абыздың асыл арманының ақиқатқа айналғанының белгісі,-деді Қ.Көшербаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531353-qyzylorda-oblysynda-ekspo-2017-khalyqar.html