RU

Луинаны той көйлегінде көрген жұрт күйеу жігіттің кім екенін білуге асық (фото, видео)

Жуырда отызға толып, достарына дүркітеріп той жасап берген әнші Луина қалыңдық көйлегіндегі фотоларын жариялай бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әншіні той көйлегінде көрген жұрт оны жарыса құттықтауға кіріскен.

Тағы оқыңыздар: 83 жылдың сауабы жазылатын мың айдан да қайырлы Қадір түнін қалай өткізу керек?

"Ақ келін болып атануыңыз құтты болсын", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Кей пікір қалдырушылар әншінің таңдауы кімге түскенін білгісі келіп, сұрақтар жаудырды. Дегенмен Луина бұл қалыңдық көйлегін шындап киіп көріп жатпағанын айтып, сұрақтарға нүкте қойды.

"Той көйлегін шынайы киіп көруді армандап отырмыз", - деп жазған ол келесі фотосына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531494-luinany-toy-koyleginde-korgen-zhurt-ku.html