RU

Қанат Ислам: Головкинге бұл жекпе-жек оңайға соқпайды

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альврес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады деп жазады Vesti.kz.

"Менің ойымша Головкин жеңіске жетеді. Оған сәттілік тілеймін. Головкин - әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше кездесу 12 раундқа созылады, - деді Қанат Ислам Астанада баспасөз конференциясында.

Тағы оқыңыздар: Головкин мен Альварес жекпе-жегіне билеттер 1,6 млн теңгеден сатылып жатыр

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531502-qanat-islam-golovkinge-bul-zhekpe-zhek-o.html