RU

700 мың доллар ұтқан ерлі-зайыпты лотерея билетін лақтырып жібермек болған

лотерейные билеты и силуэт девушки
Фото: UGC

Австралияның Албани қаласында ерлі-зайыпты қыруар ақшадан айырылып қала жаздады. Олар 700 мың доллар әкелген ұтыс билетін лақтырып жібермек болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы bagnet.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқыда лотерея билетін ескі нәтижелермен салыстырып, шатасқан ерлі-зайыпты түк бұйырмады деп ойлап келген. 

Алайда көп ұзамай бұған көз жеткізу үшін олар ұтыс нәтижелерін тағы бір қарап көреді. Тек сол кезде 700 мың доллар ұтқанын түсінген олар өз көздеріне сене алмаған.

Тағы оқыңыздар: 83 жылдың сауабы жазылатын Қадір түнін қалай өткізу керек?

"Сәл болмағанда билетті лақтырып жіберетін едік. Одан құтылмай тұрып, тағы бір тексеріп қарағанымызға шүкір", - дейді ерлі-зайыпты.

Ұтыс иелері бұл ақшаға үй сатып алып, шетелде демалып қайтпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531513-qyruar-aqsha-utqan-erli-zayypty-lotere.html