RU

Оралда "Ислам мемлекетінің" туын іліп қойған лаңкестер сотталып кетті

Жанғала ауылының тұрғындары Ақтөбедегі терактіден кейін жергілікті полиция бөлімшесін жарып жібермек болған. Алайда оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті дер кезінде құрықтапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Тергеу мәліметтеріне сай, қылмыскерлер қару-жарақ алып, қолдан жарылғыш зат жасаған. Тіпті ауыл ішінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының туын желбіретіпті.

Тағы оқыңыздар: Ерекше дене бітімімен көзге түскен ару өзіне жігіттерді құлай ғашық етті

Лаңкестік топтың жетекшісі 15 жылға сотталса, қалғандары 6-дан 11 жылға дейін жаза арқалады. Алайда, адвокаттары істің қайта қаралуын талап етіп отыр. Өйткені, ешқайсының кінәсі толық дәлелденген жоқ деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531627-oralda-segiz-zhigit-lanhkestik-shabuyl-zh.html