RU

Алматылықтар мың айдан қайырлы Қадір түнін қалай өткізді?

Маусымның 21-нен 22-не қараған түні мұсылмандар мың айдан қайырлы Қадір түнін қарсы алу үшін Алматының орталық мешітіне ағылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Түндердің ең қасиеттісі - Қадір түнінде барша адамзатқа арналған қасиетті Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған.

Бұл түнде құлшылық етіп, уағыз тыңдап өткізгісі келген жамағат мешітке ағылды.

Мешіт айналасында ине шаншар жер болмады.

Мешіт ішіне сыймаған мұсылман қауым мешіт сыртында отырып, уағыз тыңдады.

Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні - Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531632-almatylyqtar-mynh-aydan-qayyrly-qadir.html