RU

Алматыда үш баланың анасы несиесін төлеу үшін бүйрегін сатпақшы

Алматы тұрғыны несиесін жауып, үйінің ақысын төлеу үшін бүйрегін сатуға әзір деп хабарлайды NUR.KZ.

32 жастағы Әлия - үш баланың анасы. Ең кенже баласы бір жас жеті айда. Баласын балалар бақшасына қабылдамай қойғандықтан, Әлия жұмысқа орналаса алмауда.

Ол қаржылық қиындықтарын бүйрегін сату арқылы шешпек. Күйеуінен еш көмек жоқ, себебі олар жақында ажырасуды көздеп отыр.

Әлия күйеуінің кесірінен несиеге белшесінен батқанын алға тартты.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзбек ұлтының өкілдері көп тұратын аудан Голливудқа айналып кетті (фото)

"20 жасымда мені алып қашып кетті. Ол кезде мен гуманитарлық факультетте білім алып жүрген едім. Үйімде әкем қашан да ішіп жүретін, жоқшылық та әбден шаршатқасын, мені алып қашуына өзім келісім бергенмін", - дейді Әлия.

"Оның отбасы маған қамқор боламын деп сөз берген. Тіпті оқуымды аяқтауыма мүмкіндік береміз деді. Алайда олар ақыры мені оқудан шығартқызып, үйінде қара жұмысқа салды. Жарты жылдан кейін болған тойымда мен тұңғышыма жүкті едім. Той күнінде таң атпастан сиыр сауып, ауыр жұмыстар істеуіме тура келді. Ал тойдан кейін ол мені соққыға жығып, үйден қуып жіберді. Түні бойы далада түнеп шықтым", - деп қиындықтарын есіне алды әйел.

Тағы оқыңыздар: Талдықорғанда жанармай багының аузын денесімен жауып қалған екінші адам қаза болды

Әлия күйеуі күнде ұрып-соғуды шығарғанын жасырмады.

"Ол мен жүкті кезімде соққының астына алғасын, емханаға түсіп қалдым. Бір апта бойы мені емханада іздеп келген жан болмады. Бір аптадан соң әпкесі маған хабарласып, "демалып болған шығарсың" деген әңгіме айтты. Амалсыз емханадан емімді аяқтамай шығып алдым. Ал ұлымды босанғанда, олар балама бір түйір зат алмады", - деп күйінді Әлия.

Әйел бірінен соң бірі үш баланы дүниеге әкеліп, жұмысқа тұрады. Жұмыс істеп жүргенше, Әлия бақытты болған. Алайда жұмыстан шығып қалған күннен кейін қайта тозақ өмір басталыпты. Күйеуі, тіпті балаларына көк тиын бермей, әкелік міндетінен қашқан екен.

"Балаларымды киіндіру үшін 100 000 теңге несие алдым. Оны жаба алмай тағы 200 000 теңге несиеге кірдім. Қалған сомаға балалардың мектепке қажет заттарын алдым", - дейді үш баланың анасы.

Бүгінде Әлия 510 мың теңгеге тағы бір несие алған. Күйеуінен кетіп қалған әйел жұмыс таба алмай сабылып жүр.

Ол кенже баласын анасына да қалдыра алмайды. Себебі, анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Өз ісін ашып, аяқтан тұруды армандайтын әйел бүйрегін сатуға барынша бел буыпты.

Әлия өзіне көмектесетін жан табылса, бүйрегін сату райынан қайтатынын айтып қалды. Ол бар қиындықтарды еңсеруден үмітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531755-almatyda-ush-balanynh-anasy-nesiesin.html