RU

Көшенің қақ ортасында қыз алып қашқан ақтөбелік жігіттер ұятқа қалды

Ақтөбеде екі жігіт бойжеткенді алып қашпақ болды. Абырой болғанда, қызды оқиға куәгерлері құтқарып қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Диапазонға" сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық базарда көліктен түскен екі жігіт бойжеткенді күштеп көлікке отырғызбақ болады. Сағат кешкі алтыда болған бұл жайт көпшіліктің көзінше орын алған. Куәгерлер бойжеткенді құтқарып қалып, полиция шақыртады.

Қамауға алынған жігіттер 21 жастағы Хромтау тұрғындары екені анықталды. Жігіттердің бірі бойжеткенге үйленгісі келген екен.

Тағы оқыңыздар: Сотталушыларға енді бостандықтан үмітін үзуіне тура келеді

Бір қызығы, 20 жастағы студент қыз өзін алып қашпақ болған жігіттерді мүлде танымайды. Ол тұрмысқа шығуға келіспеді. "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйлеріне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531849-aqtobede-qyzdy-alyp-qashpaq-bolghan-zhig.html