Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы қызға ұқсайтын егде жастағы әйел жұрттың таңдайын қақтырды

Опубликовано:

17 жастағы қызға ұқсайтын 42 жастағы әйел жұрттың таңданысын тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайвань тұрғыны Лужэ Хсю тым жас көрінуінің арқасында желіде жұлдызға айналған. Түріне қарап 17 жаста деп ойлайтындар оның 42-ге толғанына сене алар емес.

Тағы оқыңыздар: Головкин: "Канеломен" жекпе-жектен кейін бокспен қош айтысуым мүмкін

Лужэ Хсюді актриса болып жүрген Шарон Хсю есімді 35 жастағы сіңлісі танымал еткен. Ол 2015 жылы әпкесін шоуға шақырып, 40 жасқа толғанында желіге құттықтау жариялайды.

Актрисаның табынушылары оның ерекше көрікті әпкесін көріп, құлай ғашық болып қалған.

Жас көрінуден бөлек сәнді киінетін көрікті әйел Instagram желісінде бірден 230 мың жазылушы жинайды. Ал Facebook желісінде 340 мың жазылушысы бар.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда пірәндік жеген екі жасар бала өмірімен қош айтыса жаздады (фото)

"Көп су ішіп, көкөністермен тамақтану - менің жас көрінуімнің құпиясы", - дейді Лужэ БАҚ-қа берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1531893-17-zhastaghy-qyzgha-uqsaytyn-egde-zhastaghy/

pixel