RU

Алғаш рет орысша рэп айтқан Қайрат Нұртасты ел сынап тастады

Осы уақытқа дейін қайда жүрсе де орысша сөйлемейтін Қайрат Нұртас жуырда Ресейде өткен "Муз-ТВ" жүлдесін табыстау рәсімінде көршілес елдің тілінде сөйлеп, елді таңғалдырған болатын. Алайда желіде оның орысша рэп айтқан видеосы пайда болды. Мұны көрген желі қолданушылары аң-таң болды.

Ел алдына рэп айтып шыққан Қайратты көрген жұрт түрлі пікірлерін жаудырды.

Бір бұл стиль оған жарасады десе, екіншілері мүлдем жараспайтынын айтып, енді бұл салаға бет бұрмауын сұрады. Ал кейбірі тіпті рэп оқып тұрған адамның Қайрат емес екендігін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Мешітке сыймаған астаналықтар қасиетті Қадір түнін саябақтарда өткізуге мәжбүр болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531901-qayrat-nurtas-alghash-ret-orys-tilinde-r.html