RU

Анасы унитазға ағызып жіберген нәресте ғажайыптың күшімен тірі қалды

Қытайдың Цзиньхуа округында болған жантүршігерлік оқиға әлем жұртшылығын есеңгіреткен еді. Жүктілігін жасырып келген әйел әжетханада босанып, баласын унитазға ағызып жіберген. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға фотоларды қарауға кеңес бермейміз!

Төртінші қабаттың кәріз құбырындағы нәрестенің жанайқайын естіген құтқарушылар оны дереу шығаруға бар күшін салады. Нәресте унитаз құбырына тіреліп қалған екен.

Тағы оқыңыздар: Өнерге қайта оралған Зарина Омарованың тойына жұлдыздардың бірі де келмей қойды

Құтқарушылар унитаздың айналасын тас-талқан етіп, балақайды әзер дегенде алып шығады. Бірден емханаға жеткізілген нәресте тірі қалған.

Көп ұзамай нәрестенің анасы да табылды. Белгілі болғандай, әйел баласын жұмыс орнындағы әжетханаға ағызып жібергеннен кейін бірден құтқарушыларды шақыртыпты. Жігіті тастап кеткенге күйінген әйел жүктілігін тоғыз ай бойы жасырып келген екен.

Тағы оқыңыздар: 17 жастағы қызға ұқсайтын егде жастағы әйел жұрттың таңдайын қақтырды

Алайда әйел баламды әжетханаға ағызу ойымда болмады деп ақталып отыр. Қатыгез ана райынан қайтып, дер кезінде құтқарушыларды шақырмағанда, баланың тірі қалуы екіталай еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531959-anasy-unitazgha-aghyzyp-zhibergen-nares.html