RU

Шаш үлгісін өзгерткен Роза Әлқожаның інісі бойжеткендерді өзіне ғашық етті (фото)

Бүгінде Роза Әлқожаның жеке әнші ретінде танылып жүрген інісі Әбдіжаппар Әлқожа гастрольдік сапарларға жиі шығып, әпкесі сияқты ел аралағанды ұнатады. Әсіресе бойжеткендер оның әндерін сүйіп тыңдайды. Жуырда әнші шаш үлгісін мүлдем өзгертіп тастап, елге жаңа образын көрсетті.

Сүйген жарын елдің көзінен жасыратын әнші күні кеше шаш үлгісін өзгертіп, бойжеткендерді өзіне ғашық етті.

Желідегі оқырмандар оны футбол жұлдызы, қыздардың сүйіктісіне айналған Роналдуға ұқсап қалғанын айтты.

"Роналдудан айнымай қалдың", "Сен Роналдудан да асып кеттің", "Шашың керемет, саған бәрі жарасады", "Керемет", "Қайта ғашық болдым", - деп жазды желідегі қолданушылар.

Тағы оқыңыздар: Өнерге қайта оралған Зарина Омарованың тойына жұлдыздардың бірі де келмей қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1531999-shash-ulgisin-ozgertken-roza-alqozhanynh.html