RU

Ғалымдар мінсіз төсек қатынасы қанша уақытқа созылуы керектігін анықтады

Ғалымдар мінсіз төсек қатынасының ұзақтығын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауаланмалар, тесттер мен тәжірибелер жүргізген канадалық ғалымдар мінсіз төсек қатынасы 5,4 минутқа созлады деген тоқтамға келді. Яғни таза жыныстық қатынасқа 5,4 минут жұмсалған болса, әйелдер мен ер азматтардың дені ерекше ләззат алады екен.

Тағы оқыңыздар: Анасы унитазға ағызып жіберген нәресте ғажайыптың күшімен тірі қалды

Тәжірибе барысында жыныстық қатынас ең кемі 34 секунд және ең ұзағы 43 минутқа дейін баратыны белгілі болған. Ал орташа ұзақтығы - бес минут.

Одан бөлек отбасы беріктігі үшін ерлі-зайыптылардың аптасына кемінде бір рет жыныстық қатынасқа түсіп тұрғаны абзал екен. Бұл жас жұбайларды өзін бақытты сезінуге септік болатын көрінеді.

Ал жыныстық қатынас 31 минуттан асқан болса, оның денсаулыққа өз пайдасы бар екен. Дегенмен ерлі-зайыптылар өзін шаршатып алмауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532033-ghalymdar-minsiz-tosek-qatynasy-qansha.html