RU

Ақтөбеде полиция басшылары лауазымды қызметке таласып жатыр

Ақтөбеде жергілікті полицияға жаңа басшысы тағайындалса да, бұрынғы басшы Қанат Əлиев журналистерге қызметінен әлі кетпегенін айтып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, аймақта өткен мəслихат отырысында жаңа жергілікті полиция басшысы тағайындалған болатын. Жаңа қызметке облыстық ІІД басшысының орынбасары Қаныбек Жақсығалиевты ІІД басшысының өзі ертіп əкеліп таныстырды.

Тіпті, мəслихатта осы қызметті атқарған Қанат Əлиевтің өз еркімен қызметтен кету туралы арыз жазғаны айтылды. Алайда Қанат Əлиев журналистерге басшылық қызметтен кетпегенін жайып салды.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзбек ұлтының өкілдері көп тұратын аудан Голливудқа айналып кетті (фото)

"Мен өз қызметімдемін, жергілікті полиция басшысымын. Əрі қарай пікір білдіріп, ештеңе айта алмаймын. Көреміз", - деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция басшысы Қанат Əлиев.

Ал ІІД-нің басшысы журналистерге жағдайды түсіндіруден бас тартып отыр.

Ақтөбеде қазіргі уақытта лауазымды қызметте жүрген екі полиция басшысы əрқайсысы өздерін жергілікті полиция басшысымын деп таныстырып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532081-aqtobede-policiya-basshylary-lauazymd.html