RU

Қытай билігі ұйғырлармен байланысы бар қазақтарды қамап тастады

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы "Азат Азия радиосы" хабарлады. Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді деп жазады басылым.

Қазақтарды маусымның 10-ы күні Шыңжаңның Қарамай қаласындағы Душанзцы ауданында мемлекеттік қауіпсіздік қызметі өкілдері ұстаған.

"Азат Азия радиосына" сұхбат берген жергілікті тұрғын тұтқындалғандардың бірі 47 жастағы Қалибият Баймолла, екіншісі - 49 жастағы Қанжытай Дошан екенін айтқан.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде полиция басшылары лауазымды қызметке таласып жатыр

Сұхбат берушінің сөзінше, қазақтарды жергілікті мұсылман ұйғырлармен "тығыз байланыс" орнатқаны үшін айыптаған. "Полиция көптеген адамдарды ұстады, шағын автобус адамға толы болды" деген ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532133-qytay-biligi-uyghyrlarmen-baylanysy-b.html