RU

Байлығы тасыған Сауд Арабиясының тақ мұрагері туралы не білеміз?

Сауд Арабиясының королі Салман жақында ұлы Мохаммед бин Салманды тақ мұрагері етіп тағайындаған болатын. NUR.KZ порталы сымбатты ханзадаға қатысты қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.

Тағы оқыңыздар: Алматылық келіншек бұрынғы күйеуіне алимент төлетудің ерекше әдісін ойлап тапты

Бұған дейін тақ мұрагерінің орынбасары болып келген 31 жастағы Мохаммед бин Салман корольдің 57 жастағы туыс інісі Мохаммед бин Наифтің орнына тағайындалды.

Жаңа ханзада вице-премьер және қорғаныс министрі қызметін қатар атқарады.

Мохаммед 1985 жылы 31 тамызда дүниеге келген. Ол Салманның үшінші әйелінің үлкен ұлы.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жас жігіт көпшіліктің көзінше көпірден секіріп кетті (фото)

Ханзада Сауд Арабиясында жоғары білім алып, құқық саласын меңгерген. Оның бір ғана әйелі бар. Екі ұлдың және екі қыздың әкесі атанып отыр.

Forbes мәліметіне сүйенсек, Мохаммедтің мүлкі 3,4 млрд долларды құрайды. Азық-түлік өндіру саласында табысқа кенеліп отырған ханзада қару-жарақты заңсыз сатумен айналысады деген сыбыс тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532146-saud-arabiyasynynh-zhanha-taq-murageri-tu.html