RU

Ақшасы жоқ Жанар Айжанова жерлестеріне қалай көмектесерін білмей қиналды (фото)

Кеше Ақтөбеде «Ақтөбе құтты мекен» аясында үлкен форум өтті. Туған жерге тағзым етуге арналған шараға еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген ақтөбеліктер шақырылған. Ақтөбе билігі танымал, қалталы жерлестерін жинап алып, олардан туған өлкеге қандай көмек бере алатынын сұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Кездесу той алдындағы отбасылық жиындай өтті. Шараға шақырылған кәсіпкерлер Ақтөбе үшін осыған дейін не істегенін, не бергенін тізбелеп айтып берді.

Форумға келген ақтөбеліктердің ішінде атышулы Шалқар қаласының тумасы Жанар Айжанова да болды.

«Көмектеседі-ау» дегендерді шақырып жатқандарыңызға рахмет. Мен «Туған жеріме не істеуіме болады?»,-  деп ойландым. Қолдау берілсе, қара шаңырақтан өзіміздің салт-дәстүр, этно мектеп ашуға дайынмын. Қызыммен сөйлесіп көрейін, оған уақытына қарай  «Мейірім» жетім балаларға арналған жастар үйінде шеберлік сабағын өткізуге ұсыныс жасаймын», - деді әнші Жанар Айжанова.

Тағы оқыңыздар: Өнерге қайта оралған Зарина Омарованың тойына жұлдыздардың бірі де келмей қойды

Облыс әкімі шақырылған қонақтардан жаңа ұсыныстар сұрады. Бұл тұста қонақтар үнсіз қалды.

«Жанар ақша шығарып бере алмайды. Ақшасы жоқ оның. Қолымыздан келгенше туған жерге көмектескеніміз дұрыс. Ақтөбенің көркеюіне бәріміз күш салуға тиіспіз. Біз дүние жүзінде жүрген ақтөбеліктермен байланыс жасап отырмыз.

Тағы оқыңыздар: Алғаш рет орысша рэп айтқан Қайрат Нұртасты ел сынап тастады

«Ақтөбе менің туған жерім» деген арнайы желі ашылды. Мақсатымыз - жан-жақта жүрген жерлестерімізді Қазақстанға паш ету», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Шараға шақырылғандарға мәдениет басқармасы ән-шашу тарту етті. Кішкентай бүлдіршіндер апайлары жаттатқан «әнші боламын», «депутат боламын» деген мадақ жырларын айтып, депутаттар мен кәсіпкерлерге қып-қызыл жүрек сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532150-aqshasy-zhoq-zhanar-ayzhanova-zherlesteri.html