RU

Алматылық келіншек бұрынғы күйеуіне алимент төлетудің ерекше әдісін ойлап тапты

Алматылық келіншек жолдасына алимент төлетудің ерекше әдісін тапқан. Ол үш баласын бұрынғы күйеуіне қалдырып, алиментті өзі төлеуге бекініпті. Тек бұл үшін екеуара келісім жасап, балаларын керек-жарақпен қамту үшін кезектесіп төлеуді ұйғарған деп хабарлайды Алматы арнасы.

Әлия Жақсыбаева - үш баланың анасы. Ол өзгелер сияқты жолдасын сотқа беріп, қаржылай жәрдемдеспегені үшін қызылкеңірдек болып әуреге салынбайды. Себебі, өзі де алимент төлейді. Әрине заң жүзінде болмаса да, бұрынғы күйеуі екеуі ортақ келісімге келген.

Келісімнің өзіндік шарттары да бар. Мәселен, Әлия балаларды ай сайын екі аптадан кейін бірнеше күнге алып кетуі керек, егер олай болмаса немесе кешіксе онда балалар оның қолында тағы екі аптаға қалады.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін

«Балаларым ер жетіп қалды. Оларға бәрібір әкесінің, ер адамның тәрбиесі керек деп ойладым. Өзіме де біраз ауыр болып кетті. Содан мен одан балала бір  жылдай сенде болса болады ма деп сұрадым. Ол ойланбастан келісті. Мен оның үстінен заңды түрде алиментке арыз түсірмедім. Бірақ біз алдын ала соманы белгілеп, өзара келісімге отырдық. Қазір енді мен төлеп жатырмын»,- деді Қала тұрғыны, Әлия Жақсыбаева.

Жолдасымен жолдары екіге айырылғанына төрт жылға жуықтапты. Бастапқы үш жылда балалары өзінде болған. Алайда ер азаматтар баламен жалғыз қалудың қандай боларын сезінуі керек деп ұйғарған Әлия, осындай қадамға барған көрінеді.

«Кейде ол төлемді кешіктіретін, бұл мені қатты толғандыратын. Тіпті сөзге келіп те қалатынбыз. Ал қазір оның көзқарасы өзгерді. Ол баламен жалғыз қалғанның қандай боларын біледі, түсінеді. Яғни, ол өзін менің орныма қойып көрді. Менің ойымша, бұл көптеген адамдарға ыңғайлы болады»,- деді Әлия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532179-almatylyq-kelinshek-zholdasyna-alimen.html