RU

Жасы 70-ке таяған астаналық зейнеткер 10 мың теңгеге күн көріп отыр

Жасы 70-ке таяған астаналық қария Жақсыбек Жантуов 10 мың теңге зейнетақыға күн көріп отыр деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілетем жасаған NUR.KZ.

Өмір бойы механизатор болған қарт елге еңбегім сіңсе де, еленбеді деп егіліп отыр. Жақсыбек атайдың бес баласы өзінен безіп кеткен, ал жұбайы дүниеден озған екен.

Баспанасы өртеніп, далада қалған жалғызбасты қария 10 мың теңгеге өлместің күйін кешіп отқанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін

«Тұрған жеріме 10 мың. Тамағым, киімім, моншаға түсетінім бар, жалпы алғанда 40 мыңдай керек қой. Жасым келгенде далада қалдырмай үкімет елдің бергенін берсе деймін. Басқа айтарым жоқ. 10 мыңды ораза айында садақаға да береді ғой», - дейді зейнеткер Жақсыбек Жантуов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532295-zhasy-70-ke-tayaghan-astanalyq-zeynetker-10-m.html