RU

Қадір түнінде мешітке сыймаған мыңдаған тұрғын көшеде намаз оқыды

Мұсылман қауым қасиетті Қадыр түнін өткізу үшін Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне ағылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Хадисте айлардың қайырлысы Рамазан, түндердің қайырлысы Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма күні екені айтылған. Бұл түнді негізінен Рамазан айының соңғы он күнінде, тақ санда іздеу керек.

Тағы оқыңыздар: Ақшасы жоқ Жанар Айжанова жерлестеріне қалай көмектесерін білмей қиналды (фото)

Көпшілік ғалымдардың ортақ пікірінше, Қадір түні Рамазан айының жиырма жетінші түні болып есептеледі.

Бұл қасиетті түнді уағыз тыңдап өткізгісі келген астаналықтардың қарасы көп болды.

Мешітке сыймай қалған мыңдаған тұрғын көшеде намаз оқыды.

Тағы оқыңыздар: Жасы 70-ке таяған астаналық зейнеткер 10 мың теңгеге күнін көріп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532302-qadir-tuninde-meshitke-syymaghan-mynhda.html