RU

Талдықорғандық бизнесмен белді шенеунікпен төбелесіп қалды

Қазақстандық бизнесмен Алмасбек Садырбаев Facebook парақшасында Талдықорған әкімінің міндетін атқарушы Асқар Түтібаевпен төбелесіп қалғанын жазды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын бизнесмен мал жүнін тапсырғаннан кейін 7 млн теңгеге мемлекеттік субсидия алуы тиіс болатын.

"Біз барлық қажет құжаттарды рәсімдеп, Талдықорған әкімінің қолын қойдыруға бардық. Қарасаев Бағдат Әбілмажинов қалада болмағандықтан, оның міндетін атқаруды әкімнің бірінші орынбасары Асқар Түтібаев өз мойнына алды. Осы жерде оның қол қоюы керек кезінде жанжал басталды", - деп есіне алды жазба авторы.

Тағы оқыңыздар: Қытайлық компания Қазақстанда 300 млн тоннаға жуық мұнай өндірген

Қол қоймай біраз жүрген Түтібаев қолды ақыры қойғанда қате жіберіп қойып, бизнесменді одан әрі ашуландырыпты. Соның салдарынан кәсіпкерге барлық құжаттарды қайта рәсімдеуге тура келген екен.

"Қоңырау шалғанымда, жақтырмаған дауыспен қол қоймайтынын айтты. "Мен шаршап тұрмын, саған түске дейін қол қойып бере алмаймын, түстен кейін кел" деді де тұтқаны қоя салды. Ораза болғасын өзімді сабырға шақырып, түстен кейін келдім. Оны сағат кешкі беске дейін күттім", - дейді Садырбаев.

Тағы оқыңыздар: Қадір түнінде мешітке сыймаған мыңдаған тұрғын көшеде намаз оқыды

Кәсіпкердің сөзіне сенсек, Түтібаев кабинетте құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеп, оны лақтырып жіберген.

"Бар есімде қалғаны, оның қоластындағылары менің қолымды қайырып, Түтібаев маған соққылар жасап жатты. Қарсылық көрсеткен сәтімде ол қашып жүріп, қорқау қасқырларша төбелесті. Сол сәтте өзімнің Оразам туралы есіме түсіп, сабырға келдім де, үйіме қайттым", - дейді Садырбаев.

Талдықорған әкімдігі Sputnik Қазақстанға бұл іс құқық қорғау органдарының бақылауына алынғанын мәлімдеді.

"Қазір ресми түрде айта алатынымыз, Асқар Түтібаев ІІД-ге өз арын қорғау мақсатында шағым түсірді. Шағым негізінде құзіретті органдар тергеу жүргізетін болады. Соталды тергеу жүріп жатыр. Ресми жауапты құзыретті органдар беретін болады", — дейді Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сол арада бизнесменнің достары актіге қол қойылмай қалудың салдарынан 400 ауылшаруашылық жұмысшылары жалақысын ала алмай отырғанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532376-taldyqorghanda-biznesmen-beldi-sheneu.html