RU

Қызылордада 30 жастағы жігіт ішімдік ішкенін жақтырмаған туған анасын өлтіріп тастады

Қызылорданың 30 жастағы тұрғыны туған анасын өлтіріп тастады деп хабарлайды KazinfoToday сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 30 наурыз күні орын алған. Ер адам дүкеннен екі бөтелке арақ алып, көлікжай маңында ішкен.

Үйіне оралғанда анасы екеуінің арасында жанжал туындайды. Әйел адам баласының ішіп алған түріне ашуланған. Араққа сылқия тойған ұлы оның сөзін көтере алмай, ас үй пышағын бірнеше рет сілтеп жібереді. Егде жасқа келген әйел алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін

Жақын күндері Қызылорда облысының соты қанішерді 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532435-qyzylordada-30-zhastaghy-zhigit-ishimdik-ish.html