RU

Бітіру кешіне көздің жауын алар көйлек киген жігіт сыныптастарын таңғалдырды

Желі қолданушылары жақында бітіру кешіне ерекше киініп келген түлектің киіміне назар аударды. Ол сіз ойлағандай көрікті ару емес, бар болғаны Пуэрто-Риколық 18 жастағы сәнқой Эдриан Сантьяго. Сәнқой жігіт өзгеше стилімен қыздардың өзін жолда қалдырды деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жас жігіт кешке жылтыраған костюм, қосымша ұзын шлейф пен ауыр салмақты тәж киіп келді. Батыс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Сантьяго өзінің образын дизайнер Мелвин Негронмен бірге ойластырғанын айтқан.

Тағы оқыңыздар: Қуаныш Сұлтанов: Әуежайға Назарбаевтың атын берген соң тарихи әділдік орнады

Эдриан көзге бірден түсетін классикалық смокингті армандаған.

Youtube-блогер Мэнни Гутьеррестің таңқурай түсті костюмі пуэрторикандық түлекке бірден ұнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532490-bitiru-keshine-erekshe-kostyum-kigen-tul.html