RU

Тек қана ер адамдарды өлтіріп отырған маньяк әйел туралы не білеміз?

Жантүршігерлік кісі өлімін жасау әдетте ерлердің ғана қолынан келеді. Бірақ, алты адамның өмірін қиып, өлім жазасына кесілген қатыгез америкалық Эйлин Уорнностың оқиғасы бұл ойымыздың қате екенін дәлелдейді деп жазады woman.ru сайты.

Эйлин Уорносты АҚШ-тағы нөмірі бірінші "Өлім Мадмуазелі" деп атайды. Оның есебінде ең кемі 7 құрбан бар, бір қызығы олардың барлығы дерлік ер адамдар.

"Өлім Мадмуазелі" ешқашан адам өлтірудің әйелге тән "классикалық әдісін" қолданбаған.

Тағы оқыңыздар: Этикеткасы жұлынған киімді сатушыға қайтарып беруге бола ма?

Өзін апарып тастауға ниет білдірген ер адамдарды ол 22 калибрлі револьермен өлтіріп отырған.

Эйлин 1956 жылы 29 ақпанда өте нашар отбасында дүниеге келген. Ол туылмай тұрып ата-анасы ажырасып кетеді.

1969 жылы әкесі Лео Артур түрмеде отырып өзіне қол жұмсаған. Осылайша Уорнос әжесінің қолында тәрбиеленеді.

13 жастағы қызды ағасы немесе достарының бірі зорлап келген. Назар аударарлығы, Эйлиннің құрбандарының барлығы 40 пен 62 жас аралығындағы ер адамдар.

Эйлин әжесі өмірден өткен соң жезөкшелікпен айналысып, 14 жасында аяғы ауыр болады. 1971 жылы дүниеге келген баласын ол басқа біреулерге берген.

Сараптама жүргізген психиатрлардың сөзінше оның мұндай қатыгез болуына қатал балалық шағы себепші болған.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда жемқорлығымен аты шыққан әкімнің жазасы бірден 6 жылға қысқарды

Уорносты 1991 жылы 9-шы қаңтарда қамайды. Ол ер адамдарды "өзін қорғау" үшін өлтіргендігін айтқан.

Эйлинді 1993 жылдың ақпан айында өлім жазасына кеседі. Кейіннен жоғарғы сот ол шешімді шегеріп, 2002 жылы оны екпе арқылы өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532513-tek-qana-er-adamdardy-oltirip-otyrghan.html