RU

Танымал әншінің күйеуін жақын құрбысы тартып алған (фото)

Ресейдің танымал әншісі Виктория Дайнеконың жақын құрбысы әншінің күйеуін тартып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты.

Бұған дейін оның неліктен күйеуімен ажырасып кеткенін біле алмаған жұрт түрлі болжамдарын айтқан болатын. Бірақ бұдан әрі сырын елден жасыра алмаған әнші жан досының өзін сатып кеткенін жазды.

"Сенімен дос болып, бар құпияңды білетін, өміріңдегі ең маңызды шараларға шақыратын құрбың күйеуіңді тартып әкетсе, ол кім болғаны? Оны қалай атауға болады?", - деп ашуға мінді Дайнеко.

Тағы оқыңыздар: Ақшасы жоқ Жанар Айжанова жерлестеріне қалай көмектесерін білмей қиналды (фото)

Еске салсақ, Виктория Дайнеко Дмитрий Клейманға 2015 жылдың сәуір айында тұрмысқа шыққан болатын.

Ал осы жылдың қазан айында Виктория өмірге қыз баланы әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532541-tanymal-anshininh-kuyeuin-zhaqyn-qurbys.html