RU

Этикеткасы жұлынған киімді сатушыға қайтарып беруге бола ма?

Дүкеннен бауырына киім сатып алып, оның этикеткасын, яғни заттаңбасын жұлып алған соң өлшемі келмей, қайтып тапсырғысы келген Өскемен қаласының тұрғынына арнайы маман жауап берді деп хабарлайды Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Әдия Асылбаева есімді заңгердің сөзінше, сатып алынған затты қайтып алмауға сатушының құқығы бар екен.

"«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 30 бабы, 1 тармағына сәйкес, егер тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Өкінішке қарай, сіз сапалы тауарды қайтара немесе айырбастай алмайсыз, өйткені этикеткасы жұлынып алынған болатын. Яғни, сатушының осындай заңды құқығы бар. Бірақ, кейде сатушылар тұтынушының ығына жығылып, жағдайға түсіністікпен қарап, тауарды ауыстырып, не қабылдап, ақшасын қайтарып жатады", - дейді заңгер.

Тағы оқыңыздар: Бітіру кешіне көйлек киіп келген жігіт әлем жұртшылығының назарын аударды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532549-etiketkasy-zhulynghan-kiimdi-satushygha.html