Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"МузАРТ лайф" жобасында көзге түскен әнші үйінде қасқыр асырап отыр (фото)

Опубликовано:

"МузАРТ лайф" жобасында ақтық сыннан сүрініп, бүгінде "Қалыңдығың қанша тұрады?" атты әнімен көпшілікке танылып үлгерген жас əнші Иса Əлимұсаев үйінда қасқыр асырауда.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Екі айлық бөлтіріктерді таза қойдың етімен бағады. Ондағы мақсаты - қасқыр да жақынына қас қылмайды дейді. Тіпті ол өзінің басын қатерге тігіп отырғанын да əңгіме барысында жоққа шығармады.

Бүгінде ел ағасы Қайрат Тұрлыханов та үйінде қасқыр бағады. Сонымен қатар, журналист Нұрсейіт Жылқышыбай да бірнеше жылдан бері дала тағысын қолда асырап келетінін айта кеткен жөн.

Əзірге түз тағысын қазыққа байлауды жөн санағандар көпшілікке сыр ашпай келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1532594-muzart-layf-zhobasynda-kozge-tusken/

pixel