RU

Алматыда екі автобус пен жеңіл көліктер жаппай соқтығысып, алты адам зардап шекті (фото)

Алматыда Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің арасындағы Табаяқов көшесінің бойында жаппай жол апаты болды, зардап шеккендер бар деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, 17 маршруттың екі автобусы бір біріне қарсы жүріп келе жатқан кезде шығысқа қарай бет алған автобустың алдына Renault көлігі шығады.

Автобус жүргізушісі кенеттен бірден қарсы қозғалысқа қарай бұрылып, басқа автобусты соққан. Ал ол өз кезегінде бес көлікке — Honda CRV, Toyota Caldina, Volkswagen Passat, DAWEOO Nexia и Volkswagen Golf 3 – соқтығысып, екі қабатты ғимаратқа қарай ұшып кетеді.

Жол апатынан, алдын ала болжам бойынша, алты адам зардап шекті, олардың арасында екі балалы ана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532609-almatyda-eki-avtobus-pen-zhenhil-kolikt.html