RU

Сенсация жасауды көздеген дәрігер адамның басын ауыстырмақшы

Итальяндық нейрохирург Серджио Канаверо биылғы жылдың соңында әлемдегі алғашқы адамның басын ауыстыру операциясын жасауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Sputnik Италия агенттігіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан. 

Екі жыл бұрын дәрігер Канаверо ұсынған бас ауыстыру әдісі ғылыми әлемді дүр сілкіндірді. Жобаны көптеген ғалымдар мен хирургтер сын тезіне алды. Дегенмен, бұл әдістемеге қызығушылық танытқан мыңдаған дәрігер де табылды.

Қазір "Heaven" деп аталатын жоба ақтық кезеңіне жеткен. Sputnik Италия тілшісіне берген сұхбатта дәрігер Канаверо бас аусытыру бойынша алғашқы операция Қытайда өтетінін айтты. Жобаны қытай үкіметі қаржыландыратындықтан, алғашқы пациент осы елдің азаматы болады.

"Қытай үкіметі бас ауыстыру кезінде дәрігерлер командасына қытайлық маман жетекшілік еткенін қалайды. Сондықтан сәуірде елдің заңы бойынша мен кытайлық нейрохируг пен оның командасының ассистенті болатынымды жарияладық", — деді Канаверо.

Тағы оқыңыздар: Тек қана ер адамдарды өлтіріп отырған маньяк әйел туралы не білеміз?

Канавероның айтуынша, скептиктердің сынына қарамастан, оның командасы кесілген жерде нерв талшықтары өсіп шығатынын дәлелдеді. Сенсациялық оқиға биыл күзге белгіленіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532790-sensaciya-zhasaudy-kozdegen-dariger-qy.html