RU

Ақша толы әмиянды иесіне қайтарып берген такси жүргізушісі елді сүйсіндірді (фото)

Мәскеуде такси жүргізуші болып жұмыс істейтін өзбекстандық көлігіне қалдырып кеткен 100 мың рубльді (1700 АҚШ доллары) иесіне қайтарды. Ақшасын жоғалтып, қайта тапқан Павел Шапкин жүргізушімен селфиге түсіп, әлеуметтік желіге жариялады. Бірақ қуанғанынан, жүргізушінің аты-жөнін сұрауды ұмытып кетіпті деп жазады Centralasian.org.

17 маусымда Киров тұрғыны Павел Шапкин таксиге отырған. Алайда, көліктен асығыс түскенде әмияны артқы орындыққа түсіп қалған.

Бірнеше уақыт өткеннен кейін, өзбекстандық такси жүргізуші ресейлікті тауып, әмиянды қайтарады. Әмиянда иесінің телефондары жазылған екен.

«Бүгін мен әмиянымды жоғалттым. Онда қолма-қол 100 мың рубль және банктік картам болды. Қайда қалғанын білмедім. Бір уақытта телефон қоңырауы соғылды. Білесіздер ме, өзбекстандық қарапайым жігіт менің әмиянымды тауып алғанын, қайтарғысы келетінін айтты», - деп жазған Павел Instagram желісіне.

Тағы оқыңыздар: Сенсация жасауды көздеген дәрігер қытайлықтармен бірге адамның басын ауыстырмақшы

«Мен қатты таңқалдым. Ақша оған кедергі болмайтын еді ғой. Бірақ ол өзінің осылай тәрбиеленгенін айтты. Сөзім жоқ. Мына сурет естелік үшін», – дейді Шапкин.

Аз ғана уақыт ішінде Павел Шапкиннің жазбасына бірнеше мыңдаған адам "лайк" басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532820-aqsha-toly-amiyandy-iesine-qaytaryp-ber.html