RU

Қанат Ислам: Белбеуінен айырылған Бейбіт үшін жүрегім ауырды

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында Бейбіт Шүменовтің бокстан кетуі туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қатты таңғалдым. Спортшы үшін өте өкінішті жағдай. Досым ретінде жүрегім ауырады, жаным ашиды. Нақты шешім емес шығар деп үміттенемін. Алдағы күндері Бейбіттің өз ауызынан естімей, сене алмаймын", - деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов 19 маусымда бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) шешімі бойынша жартылай ауыр салмақтағы WBA әлем чемпионы титулынан айырылған болатын.

Тағы оқыңыздар: Сенсация жасауды көздеген дәрігер қытайлықтармен бірге адамның басын ауыстырмақшы

Сол күні Бейбіт жаттығуда алған жарақатына байланысты бокстан кететіні белгілі болды.

Айта кетейік, Қанат Ислам Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы - АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532834-qanat-islam-belbeuinen-ayyrylghan-bey.html