RU

Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды «ақ алтын» деп аталып кеткен «литий» металлын игеруге шақырды. Елбасы бүгін Астанада шетелдік ірі инвесторларды жинап олигархтарға бірқатар жаңа ұсыныстар жасады деп хабарлайды Ктк сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Қазақстан сирек кездесетін түрлі металлдың үлкен қорына ие, оның ішінде литийге. Инвесторларға аталған секторды біздің Үкіметпен бірге қаржыландыруды ұсынамын. Бұл болашағы бар бағыт, ең алдымен энергетика үшін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы оқыңыздар: Алматыда адамға лық толы екі автобус соқтығысып қалды

Әлемде 2025 жылға қарай «литийге» деген сұраныс үш есеге артып, өндіріс көлемі жылына 550 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Оны қазір мамандар «мұнайдың жаңа түрі» деп те жүр. Яғни, «литийді» игеруге қаржы салған инвесторлар ұтылмасы анық.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532917-nazarbaev-shetel-investorlaryna-aqsha.html