RU

Қазақстан әскерін Сирияға жіберу ұсынылды

 Туркия президентінің өкілі Ибрагим Калын ресейлік тарап Сирияның күшейтілген аймағына Қырғызстан мен Қазақстан әскерлерін апаруды ұсынды деп жазады РИА Новости сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Калынның айтуынша, түрік шенеуніктері өткен апта Түркияда РФ президентінің Сириядағы арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен  Сириядағы деэскалация аумағына қатысты келіссөздер жүргізген.

Тағы оқыңыздар: Синоптиктер алматылықтарды аптап ыстыққа дайын болуға шақырды

"Орыстардан мынандай ұсыныс түсті: мүмкін белгілі бір қырғыз және қазақ әскерлері санын жіберу керек шығар. Оларда бұл күш аясында орын ала алады...дегенмен мұның бәрі басынан аяғына дейінгі жұмысты талап етеді: карта қаралады: кім қайдан кіреді, қанша әскер, қайда орналастырады... Яғни шамамен 300 немесе 500 әскер керек пе?

Қазір Идлибте миллионнан астам адам тұрады. Қазір әскерилер мұндай халық саны үшін қанша әскер қажет екенін есептеп жатыр. Біз шілдедегі кездесуде Астанада бұл мәселе толықтай талқыланады деп сенеміз", — дейді Калын.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532937-qazaqstandyq-askerlerdi-siriyagha-zhib.html