RU

Вена қонақүйінде тыр жалаңаш шешініп, шу шығарған қазақстандық ұсталды

Вена полициясы Қазақстанның 33 жастағы азаматын қонақүйде мас күйде шу шығарғаны үшін ұстады деп жазады Tengrinews.kz

Жайнақовтың айтуынща, полиция дипломаттарға ұсталған адам туралы мәлімет бермеген.

"Венадағы дипломаттар бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ-тардан білген. Осыдан кейін олар Вена қаласының полициясымен байланысқа шығып, Қазақстан азаматының қонақүйлердің бірінде мас күйде шу шығарғанын анықтаған. Алайда полиция қызметкерлері дипломаттарымызға оқиғаның мән-жайын және ұсталған адам туралы мәлімет айтудан бас тартты, себебі ұсталған адам өзі жайлы ешкімге де ешқандай мәлімет бермеуді сұрапты. Ұсталған адамның 33 жаста екенін ғана білеміз. Ол Венаға турист ретінде барған", - деді Жайнақов.

Тағы оқыңыздар: Алматыда адамға лық толы екі автобус соқтығысып қалды

"Жергілікті басылымдарда жарияланған мақалалардан оның мас күйде қонақүй бөлмесіне кіріп, ұрлық жасап, кейін ұсталғаннан кейін заттарды қайтарып бергені анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде", - деді СІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1532949-vena-qonaquyinde-tyr-zhalanhash-sheshinip.html