RU

Қос аяғынан айырылған бойжеткен алғаш рет жол апаты туралы ашық айтты

Алматыдағы ӘлФараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатында қос бірдей аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваның қорғаушысы Жанна Мұхамади жәбірленушісімен емханада сөйлесіп, кездесулері туралы өзінің  Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаннаның сөзінше, Катя - өте ашық, мейрімді жан, бойынан жылулық пен позитив есіп тұрады.

"Сол күні болған оқиға оның есінде жақсы сақталған. Барлығын бүге-шүгесіне дейін біледі, тіпті жол апаты болған сәтті де. Мен болған оқиғаның картинасын Катяның айтуы бойынша толықтай құрастыра алдым. Катямен әңгімелескеннен кейін, мен екінші жәбірленуші Найлямен тілдестім", - деп атап өтті қорғаушы.

Ары қарай, қыздардың айтуы бойынша Катя Найлямен Әл-Фараби даңғылының батыс бағытына қарай бара жатқан.

Тағы оқыңыздар: Сегіз қырлы, бір сырлы: Қырғыз елінің басшысы Атамбаевтың әндер жинағы шықты (фото)

"Науаи көшесінен өтіп бара жатып, Президент саябағына қарама-қарсы Катяның көлігі люкке кіріп кеткен, айтуынша артқы дөңгелек соққыдан тесіліп, автомобиль дискі деформацияланған.

Катя - тәжірбиелі жүргізуші болғандықтан, еш сасқалақтамай көлігін жедел түрде тоқтатады. 

Ары қарай, олар бірден апатты жағдайдың белгісін қосып, қай жеріне зақым келгенін қарау үшін көліктен шыққан.  Жағдайды көрген соң, екеуі апатты белгіні шығару үшін жүк салғышқа барады. Дәл осы сәтте Тойота камри көлігімен соқтығысқан", - деді қорғаушы.

Жанна Катяның автомобилінің дөңгелегі люкке дейін жарылған деген ақпараттың жалған екенін атап өтті.

"Катя  Найляның дөңгелектің люкке түсіп кетті деген сөзін растады, сондай-ақ аталған люктің бізде сотқа дейінгі тергеу материалдарына қосылатын суреті бар.

Осыған орай Катяның атынан БАҚ өкілдерінен күмәнді ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалады, оның ішінде біз қазір сұрақтарын дайындап жатқан трасологиялық сараптамада бар", - деп жазады Мұхамади.

Тағы оқыңыздар: Мәулен Әшімбаев: Қазақ әскерлері Сирияға барған күннің өзінде соғыспайды

Қорғаушы Катяның палатада жатқанын және оған тек жақындарын ғана жіберіп жатқанын мәлімдеді.

"Катя мен отбасы өздерінің жағдайына алаңдап, осы күнге дейін олар үшін дұға тілеп, қан өткізіп, қаражат жинаған барша қазақстандықтарға алғыс білдіреді.

Катя айналасына қазақстандықтардың ауыр жағдайда қолұшын беруге дайын екенін, біріге алатынын көрсететін адамдар тобын жинай алды", - деді зардап шеккен қыздың алғысын жеткізген Жанна.

Ол 23 маусым күні анықтаушылармен бірге алғашқы тергеу ісі белгіленгенін айтты.

Еске салайық, Алматыда 16 маусым күні жантүршігерлік жол апаты орын алған.  Машина ашық тұрған люкке түсіп, екі қыз көліктер арасында қысылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533020-qos-ayaghynan-ayyrylghan-boyzhetken-algha.html