RU

Танымал телеарна жүргізушісі бағдарлама бойына жақ ашпастан үнсіз отырған (видео)

BBC арнасының жаңалықтар жүргізушісі Хью Эдвардс кешкі шығарылымның бүкіл уақытында үнсіз отырды. Бұған техникалық ақау себеп болған.

Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.

Жаңалықтар эфирі кезінде Эдвардс техникалық ақаудың жойылуын күтіп, камераға байсалды түрде қараумен болған. Ақыры жүргізуші қаламсапты айналдырып, томаға тұйық күйі отырумен бағдарламаны аяқтады.

Ал көрермендер бұл жаңалықтар эфирін «телеарна тарихындағы ең үздік шығарылым» деп атапты.

Тағы оқыңыздар: Соғыстан көз ашпайтын Сирияда 600 адамға арналған ауызашар берілді (фото)

Эдвардстың өзі болса, мұндай эфирден кейін бой жазатынын айтып әзілдеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533021-alemge-tanymal-telearna-zhurgizushisi.html