RU

Сегіз қырлы, бір сырлы: Қырғыз елінің басшысы Атамбаевтың әндер жинағы шықты (фото)

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Судьбе назло" деп аталатын әндер жинағы саудаға түсті. Оған қырғыз басшысының орыс тіліндегі он әні енген деп жазады Centralasian.org.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәскеуге жасаған сапарында Атамбаев отандастарына өзінің әндер жинағын сыйлады.

Президенттің айтуынша, "Мелодия" фирмасы әндер жинағын өзі басып шығарған.

Жинаққа көпшілікке танымал "Я не могу без тебя жить", "Мне не страшно умирать" әндері мен "Чудак", "Рита", "Песенка про Старый год (31 декабря)" секілді жаңа әндері енген. Алмазбек Атамбаев кейбір әндердің сөздерін де өзі жазған.

Тағы оқыңыздар: Танымал телеарна жүргізушісі бағдарлама бойына жақ ашпастан үнсіз отырған (видео)

Айта кетерлік жайт, әндер жинағы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, "Роснефть" директоры Игорь Сечинге, "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллерге және басқа да ресейлік шенеуніктер мен кәсіпкерлерге сыйға тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533045-segiz-qyrly-bir-syrly-qyrghyz-elininh-ba.html