RU

21 жастағы бойжеткен Рамазан айында қысқа кигені үшін бейтаныс жігіттен таяқ жеген

21 жастағы Стамбұл тұрғыны Асена Мелиса Саглам автобус ішінде шолақ шалбармен отырғаны үшін таяқ жеді. Пендик ауданында болған оқиға автобуста орналасқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп жазады 1news.az.

Жәбірленушінің сөзінше, қызуқанды жігіт ол автобусқа кіргеннен оған тисе бастаған.

"Сол күні мен ақ шолақ шалбарда болғанмын. Ол артқы орындықта отырды. Мен отыра салысымен, ол бірден маған: "Рамазан айында осылай киінуге бола ма? Ұялмайсың ба?" деді, мен артыма қарамастан "Ал сен қарама" деп айттым.

Ол болса: "Барлық жерің ашық тұр, қалай қарамайсың. Міне саған қарап отырмын" деді, мен үндемедім. Кейін иегімнен қатты соққы тиді, ол автобустан шығып бара жатып, мені ұрды. Мен де оған бірден тап бердім, ол мені басымнан ұра бастады.  Ауыр соққыдан құлап қалдым, ол болса шығып кетті", - дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: Басы шектен тыс өсіп кеткен 1 жасар сәбидің анасы елден көмек сұрап жанұшыруда (фото)

"Әйелдердің мұндай киімі адамды еліктіреді", - деген тергеу барысында ұсталған Эрджан Кызылатеш. Ол Асена Мелиса Сагламға қарсы шағым берген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533086-zhas-zhigit-beytanys-boyzhetkendi-ramaz.html